← Басты бетке · Құжаттама

WhatsApp нөмірін қалай қосу керек

Нөмір Wtsp Cloud-қа Meta-ның ресми терезесі арқылы бірнеше минутта қосылады. Қосылым Coexistence режимінде жұмыс істейді: WhatsApp Business қосымшасы телефонда қалады, ал клиенттердің хабарламалары бір мезгілде кабинетке де келеді.

Не дайындау керек

Нөмір Meta бизнес-портфолиосына байланады — бұл Meta-дағы компанияңыздың аккаунты. Қосылу терезесінде компания портфолиосын таңдайсыз немесе жаңасын жасайсыз.

Қалай қосу керек

  1. Кабинетте «Қосылу» бөлімін ашып, «WhatsApp Business-ті қосу» басыңыз.
  2. Facebook терезесі ашылады: кіріп, «Продолжить» басыңыз.
  3. WhatsApp Business нөмірін енгізіп, «Далее» басыңыз.
  4. Экранда QR-код пайда болады. WhatsApp Business қосымшасында «Настройки» → «Аккаунт» → «Платформа WhatsApp Business» ашып, кодты сканерлеңіз.
  5. Хат алмасу тарихын беруге рұқсат етіп, «Завершить» басыңыз.

Қосылу аяқталғанша WhatsApp Business қосымшасын жаппаңыз. Егер Meta SMS-тегі кодты сұраса, ал нөмір WhatsApp Business қосымшасында жұмыс істеп тұрса, кодты енгізбеңіз және бізге жазыңыз.

Телефонда не өзгереді

Ескі хат алмасу және контактілер

Клиенттерге қосылғаннан кейін бірден жауап беруге болады. Ескі хат алмасу мен контактілер Meta-дан бөлік-бөлігімен келеді: әдетте бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, бір тәулік ішінде. Бетті жаңартудың қажеті жоқ, чаттар өздері пайда болады.

Кабинетке не келмейді

Қосылу сәтсіз болса

Кабинетті WhatsApp, Instagram немесе басқа қосымшаның ішінде аштыңыз. Кірістірілген браузерде Facebook терезесі жұмыс істемейді. «⋯» немесе компас белгішесін басып, «Открыть в браузере» таңдаңыз. Ең сенімдісі — кабинетті компьютерде Google Chrome-да ашу: Safari-де де Facebook терезесі кейде жұмыс істемейді.

Meta терезесі жабылып, ештеңе бермеді. Осы браузерде Facebook-қа кіріп, сайт үшін қалқымалы терезелерге рұқсат беріңіз де, «Қайталап көру» басыңыз.

Meta терезесінде соңына дейін жеттіңіз, ал кабинетте қате шықты. Жиі себебі — нөмір WhatsApp платформасына басқа сервис арқылы қосылып қойған. Нөмір платформада тек бір жеткізуші арқылы жұмыс істей алады, сондықтан алдымен оны бұрынғы жеткізушіден ажыратады. WhatsApp Business қосымшасында бұл былай жасалады: «Настройки» → «Аккаунт» → «Платформа WhatsApp Business» → ажырату. Нөмір қай жерде қосылғанын білмесеңіз, бізге жазыңыз — ретін айтып береміз.

Бір рет қайталау кейде көмектеседі. Екінші реттен де шықпаса, қайталауға уақыт жоғалтпаңыз: кабинетте «Маған қосуға көмек керек» басыңыз немесе нөмірді көрсетіп, бізге жазыңыз.

Нөмір жұмыс істемей қалды немесе басқасы керек

«Қосылу» бөлімінде екі жол бар. «Сол нөмір» — платформамен байланыс үзілсе: нөмір ажыратылған, телефон ауыстырылған немесе WhatsApp Business қайта орнатылған. Хат алмасу мен контактілер сақталады. «Бұның орнына басқа нөмір» — нөмір бұғатталса немесе оны ауыстырсаңыз: бұрынғы нөмірдің хат алмасуы кабинетте қалады, ал жаңа нөмір басқа Meta аккаунтында болса, үлгілерді қайта жасауға тура келеді.

Қолдау

Сұрақтар — WhatsApp +7 706 656 48 16 немесе hello@wtsp.cloud поштасы арқылы.